Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімінің онлайн-брифингте мәлімдеуінше, Шымкент қаласында 07.07.2020 жылғы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3 596-ға жеткен. Ал емделіп шыққандар - 2097 адам, қайтыс болғандар 18 адамды құрап отыр.
Шымкентте індетті 1 маусымға дейін жұқтырғандар - 867 адам болса, 1 маусым - 7 шілде арасында жұқтырғандар - 2729 адам болған.
Қалада жұқпалы ауруханалардағы төсек-орын қорына 160 орын қосылып, 650-ге жеткен.