ШЫМКЕНТ: айтыскерлер ұлттық өнердің қазіргі қоғамдағы орнын кеңінен талқылады

0
272

Жоғарғы оқу орнының студенттері ән шырқаса, Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары патриоттық өлеңдерді жатқа оқыды.


ШЫМКЕНТ: айтыскерлер ұлттық өнердің қазіргі қоғамдағы орнын кеңінен талқылады

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел - жаңару жолында» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Кездесуге Оңтүстік өңірінің танымал айтыскер ақындары Біржан Байтуов, Нұрғали Анапия және Қажымұқан Абзалов, жоғары оқу орны мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру орнының студенттері, Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімшесінің сарбаздары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулу, олардың патриоттық рухын арттыру, ұлтшылдыққа негіздеу болды.
Кездесу барысында ақындар қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, айтыс өнерінің жастар арасындағы рөлін кеңінен талқыға алды. Ұлттық рухани жаңғырудың жолдарын айтыс өнері арқылы насихаттап, қатысушылармен ой-пікір алмасты. Осы орайда айтыскер ақын Нұрғали Анапия қазақтың қара домбырасымен көрермен назарына арнауын жолдады.
Сондай-ақ, бұл кездесуде өнерлі жастар да бой көрсетті. Жоғарғы оқу орнының студенттері ән шырқаса, Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімінің сарбаздары патриоттық өлеңдерді жатқа оқыды.
Ал, жиынға қатысушылар ақындардың өнерін тамашалап, жастарға үлгі болатын өнегелі ойларын тыңдады. Іс-шараның соңында қатысушылар мен айтыскерлер ашық сұхбат құрып, ұлттық өнердің қазіргі қоғамдағы орнын кеңінен талқылады.
Бөлісу