ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 800-ден аса көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған

0
883

Аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 800-ден аса көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша Қуатжылуорталық-3 мекемесімен бірлесе 2023-2024ж.ж арнайы іс-шара жоспары бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 857 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Аталған іс-шараға сайкес, аппарат қызметкерлері аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісім-шартқа тұру маңызды екені ескертілуде.

Еске сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау барысын пысықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысып шыққан болатын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. Бүгінде соның жетеуі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Мәселен алдыңғы кезекте қала бойынша «ОНС-2» сорғы станциясынан «ТК-4-ке» дейін, «ТК-4-тен» «ОНС-3» сорғы станциясына дейінгі магистралдық жылу жүйесіне қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сорғы станциялары мен жылу жүйелері 1980 жылдары қолданысқа берілген. Сондықтан жылу құбырларын толық ауыстыру және сорғы станцияларына қайта құру кестеге сай кезеңімен іске асуда. Жоспар бойынша қайта құру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Құбырдың жалпы ұзындығы 4 057 метрді құрайды және жоба құны 1 938 миллион теңге.

Түркістан көшесіндегі А.Байтұрсынов пен Түркістан көшелерінің қиылысындағы «ТК-24» пен «ТК-26» станциясы аралығындағы құбырларын ауыстыру жұмыстарының жалпы ұзындығы 667 метрді құрайды және жобаның құны 341 миллион теңге болып отыр. Қазір жұмыстардың 40% орындалған, аяқталу мерзімі 2023 жылдың шілде айы деп күтілуде.