Әл-Фараби ауданындағы 928 көпқабатты тұрғын үйдің 859-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданындағы орталық көшелерге 2024 жылы 657 дана үлкен көлемді темір қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары басталған.
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткізген «Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтты.
Рашид Мыңбаевтың айтуынша, 2023 жылы аудан бойынша 120 қоқыс алаңы жаңартылып, «GLOBAL BUSINESS CONSTRUCTION» ЖШС-мен жасалған келісім аясында 680 қоқыс контейнерін жеткізу жоспарланды. Қазіргі таңда мердігер мекеме 497 контейнерді орнатқан.
Баспасөз брифингінде аудан әкімі биылғы жылы бюджеттен 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62%-ға жеткізу көзделуде екендігін де атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылдың 4 мамырында қабылданған қалалық мәслихат шешімі бойынша, түнгі жарықшам бағаналарын орнату жұмыстарын Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізуде. Қазіргі уақытта 118 көшеге жарық шамдары орнатылып, іске қосылғанын айтты.