ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін 22 көше жарықтандырылады

0
389

Әл-Фараби ауданының аумағында жалпы 404 көшенің 109-ы жарықтандырылған.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін 22 көше жарықтандырылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін 22 көше жарықтандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданының аумағында жалпы 404 көшенің 109-ы жарықтандырылған. Жарықтандырылу көрсеткіші 26 пайызды құрап отыр. Ал 295 көше және 7 аула жарықтандыруды қажет етеді.
Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес 8 айда аудандағы 8 көше жарықтандырылды.
Жыл соңына дейін тағы 14 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталады.
Атап айтқанда, Промышленная-Есил көшелері, Керуен Бам ш/а, Хаят, Сапақ датқа, Суриков көшесі Суворовтан Темір жол өткеліне дейін, Шәймерденов, Айбергеновтен Республика даңғ.дейін ішкі орам көшесі, Диваев, төменгі Отырардың ішкі орамдық көшелері, Жастық көшесі Жансүгіровтен Володарскийге дейін, Ақмешіт, Абай және Қырыққыз көшесі Тұрсынбаевтан 195 орамға дейін жарықтандырылады.
Нәтижесінде жыл соңында Әл-фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады.