Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан 27 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, іс-шара мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халыққа әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, сондай-ақ оларға берілетін жеңілдіктер, жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдер туралы түсіндіру, сонымен қатар электронды қызметтер алудың тиімділігін тұрғындардың әрбірінің назарына жеткізу және жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан 27 түрлі мемлекеттік қызметтер:
• «Азаматтық хал актілерін тіркеу» бойынша – 10;
• «Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізу» бойынша – 8;
• «Аз қамтылған азаматтармен, ардагерлермен, зейнеткерлермен жұмыс жүргізу» мақсатында – 3;
• «Әлеуметтік көмектерді, жәрдемақыларды тағайындау және төлеу» бойынша – 1;
• Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» тарапынан – 5 қызмет және 11 қызмет e-gov веб-порталы арқылы көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, алдағы уақытта мұндай түсіндіру жұмыстары ай сайын Шымкент қаласының төрт ауданы бойынша өтетін болады.