ШЫМКЕНТ: алғашқы тоқсанда өнеркәсіп өнімі 17,9 пайызға артты

0
64

Бүгінде шаһарда 816 өнеркәсіп кәсіпорны белсенді жұмыс істеп тұр.


 ШЫМКЕНТ: алғашқы тоқсанда өнеркәсіп өнімі 17,9 пайызға артты

Шымкент қаласында өнеркәсіп саласы қарқынды түрде дамып келеді.

Бүгінде шаһарда 816 өнеркәсіп кәсіпорны белсенді жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 18 – ірі, 44 – орта және 754 – шағын кәсіпорын бар. Шымкентте орналасқан 704 өндіріс орны өңдеу өнеркәсібімен айналысады.

Биыл қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіпте өндірілген өнімнің көлемі 309,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9 пайызға артты.
Оның ішіндк өңдеу өнеркәсібінде 262,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл бағыттағы өсім былтырғымен салыстырғанда 20,8 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің келесідей салаларында өсу динамикасы қалыптасқан: машина жасау – 3,2 есеге, жиһаз – 2,3 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдары – 43,9 пайызға, дайын металл бұйымдар – 69 пайызға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер – 48,6 пайызға, тамақ өнімдері – 28,6 пайызға, сусындар өндірісі – 6,4 пайызға, металлургияда – 28,5 пайызға, жеңіл өнеркәсіп – 2,6 пайызға, мұнай өнімдерін қайта өңдеу – 15,4 пайызға, химия өнеркәсібінде – 37,5 пайызға артқан.
Қалада жалпы аумағы 1 276 гектар құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 670,1 млрд теңге сомасына 427 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңда инвестициялық құны 323,9 млрд теңге 304 кәсіпорын ашылған.
Онда 9 мыңнан астам жұмыс істейді.
Бөлісу