Биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан аталған жоба бойынша 200-ден астам жасты жұмысқа жолдау жоспарлануда.
Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында өз мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі жоқ жастарды жұмысқа шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ұйымдастырылатын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылуда.
Жалпы, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан аталған жоба бойынша 200-ден астам жасты жұмысқа жолдау жоспарлануда.