Қалада алдағы уақытта да интернет инфрақұрылымын жетілдіру және тұрғындарды сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы және тұрақты интернет желісімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Бұл бағытта қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінде қала аумағындағы 86 елдімекен мен шағынауданның 85-і кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Соның арқасында тұрғындарға заманауи телекоммуникациялық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Кең жолақты интернет желісі тартылған елдімекендердің қатарын Алтынтөбе тұрғын алабы толықтырды. Қазіргі уақытта «Спецавтоматикасервис» компаниясы инфрақұрылымдық желілерді жүргізіп, шамамен 400 тұрғын үйді жоғары жылдамдықтағы интернетке қосуға техникалық мүмкіндік жасады.
Аталған жоба тұрғындардың интернетке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, электронды қызметтерді тиімді пайдалануға, цифрлық сауаттылықты дамытуға және цифрлық теңсіздікті төмендетуге ықпал етеді.
Қалада алдағы уақытта да интернет инфрақұрылымын жетілдіру және тұрғындарды сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.


