ШЫМКЕНТ: «Асар-2» шағынауданында су құбыры іске қосылды

0
647

Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамырында басталған болатын.


ШЫМКЕНТ: «Асар-2» шағынауданында су құбыры іске қосылды

Бүгін Шымкент қаласы «Асар-2» шағынауданындағы су құбыры тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы М.Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, А.Наимбекова, С.Қуандық, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев қатысты. Сонымен бірге, елдімекен тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Асар-2» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 км құрайтын ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамырында басталған болатын. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары аяқталып, Көмешбұлақ магистралды су құбырына қосылып ауыз су тұрғындарға толық берілді.
«Асар-2» шағын ауданында 2019 жылы басталған электр желілерінің құрылысы қазіргі уақытта толығымен аяқталды. Нәтижесінде, 87,2 км желі, 1 дана РП және 24 дана КТП орнатылды. Сондай-ақ, 220 кв “Бозарық” подстанциясынан жаңадан соғылған 110 кв 1-М-1 подстанциясына қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр желілерінің құрылысы «Ремстрой Алматы» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жүргізілді.
2020 жылы мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС тарапынан «Асар-2» ш/а табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 50,4 км құрайтын ішкі орамдық жүйлерінің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде толығымен аяқталды.
Асар-2» ш/а кәріз жүйелерімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары «Монолит – Дизайн - 2030» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Асар-2 шағын ауданы ағымдағы жылы 19 км жолдарға шағал тас төселінді. 2022 жылы аталған көшелерге асфальт төселінетін болады.
Қазіргі таңда, Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан Асар-2 шағын ауданы 138 ЖОМ маңында салынып жатқан заманауи спорт алаңшасының құрылысы қараша айының соңында аяқталады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін көп салалы балалар ойын алаңшасы да салынатын болады.