Шымкент қаласына іссапармен ҚР Перьмер-министрі Асқар Мамин келді.
Шымкентке ат басын бұрған Үкімет басшысы Асқар Мамин Дубай қаласының тәжірбиесінен алынған «Shymkent Ассelerator» пилоттық жобасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласына берілген ұлттық стратегиялық жоспарлар мен аймақтық бағдарламалар аясында қойылған міндеттерді орындау, жеделдету мақсатында Шымкентте бірінші аймақтық акселераторы іске қосылып жатыр.
Шымкент акселераторы мемлекеттік және жеке сектор өкілдерін қатыстыра отырып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту жолымен қаладағы өзекті мәселелерді жеделдетілген тәртіппен шешеді.
Жалпы жоба екі кезеңнен тұрады. 1. Акселераторды ашу. 2. Акселератордың жұмысын бақылау үшін «Шымкент сити навигаторын» құру.
Осылайша, акселератор жұмыс орындарын құру, іскерлік ахуалды жақсарту, ШОБ дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және басқа да көптеген мәселелерді нормативтік-құқықтық актілерге және бюджет қаражатына өзгертулер енгізбестен тездетілген тәртіпте шешуге арналған алаң болмақ.