Шымкенттің автобустары 2ГИС қосымшасына енгізілді.
Шымкентте 2ГИС мобильді қосымшасы автобустардың қозғалысын көрсете бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2ГИС қосымшасы автобустар мен қоғамдық бағыттарды нақты уақыт режимінде көрсетеді. Қоғамдық көлікте жүргендер үшін де 2ГИС пайдалы. Енді сізде:
* Алдын ала көріп, қажет автобусты асықпай тоқтатуға;
* Қажет автобусқа балама көлік табу;
* Орын аз болса, келесі көлікті күтуге мүмкіндік бар.
Аялдаманың белгісін бассаңыз, картада автобустар пайда болады. Осылайша аялдамаға қандай көлік келетінін, не істеу керегін таңдауға болады. Басқа нұсқа-іздеу жолында нақты бағыттың нөмірін енгізсеңіз, картада автобустар пайда болады. Бұл қосымша онлайн жұмыс істейді, сондықтан смартфонның интернетке қосылуы маңызды.
Шымкент қаласының цифрландыру басқармасынан ГЛОНАСС спутнигі арқылы келіп түседі және ең аз кідіріспен жаңартылады. Егер автобус көлік кептелісінде тұрып қалса немесе кез келген басқа себеппен бағыттан шығып, ол өзгерістер 30 секундтан кейін картада бейнеленеді.
Осылайша Шымкент 2ГИС картасында қоғамдық көлік пайда болған Қазақстанның алғашқы қаласы атанды. Бұл қызмет, сонымен қатар, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосібір секілді бірнеше қалаларында іске қосылған.