ШЫМКЕНТ: ​БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

0
40


ШЫМКЕНТ: ​БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ERNUR.KZ. Ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп жатқан Құрылтай сайлауына қоғамның әр саласының өкілдері белсенді қатысуда. Қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов та №33 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

“ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, бұл — ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Сондықтан, ел үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Мен де азаматтық міндетімді орындап, өз таңдауымды жасадым “, — деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

№33 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы Сержан Уртаевтың мәліметінше, бүгін сайлау учаскесіне 1700-ге жуық сайлаушының келіп, дауыс беруі күтілуде. Олар үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылған. Сайлау процесін ұйымдастыруға учаскеде 9 комиссия мүшесі жұмылдырылып отыр.

Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасаған Бақытжан Позилов тұрғындарды да ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.