ERNUR.KZ. «Бал Текстиль» ЖШС-нің 160-қа жуық қызметкері азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады.
Еңбек ұжымы №196 сайлау учаскесіне ұйымдасқан түрде келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Бұл — әр азаматтың ел ертеңіне деген жанашырлығы мен ортақ іске деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Қоғамдық белсенділікті басты құндылық санайтын кәсіпорын қызметкерлері бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.


