ШЫМКЕНТ: Балабақша басшылары бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді

0
475

«Балапан» бағдарламасына бөлінген 45 млн теңгені жымқырған.


ШЫМКЕНТ: Балабақша басшылары бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Бала-бақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн.теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп жазылған хабарламада

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.