Білім беру мекемелерінде суицидтің алдын алу бойынша бірыңғай әдістеме енгізу, психологиялық қолдау орталықтарының жұмыс сапасын арттыру, сонымен бірге цифрлық трансформация арқылы балалардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын нығайту мәселелері қаралды.
ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес жетекшісі Динара Закиеваның төрағалығымен кеңестің онлайн режимдегі отырысы өтті.
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық министрліктердің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, психологиялық қолдау орталықтарының мамандары, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері және кеңес мүшелері қатысты.
Шымкент қаласынан «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Байқонысов, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Наимбекова, мәслихат депутаты Төреайым Сұлтанова, Білім басқармасының бөлім басшысы Бағлан Үмбетаев, Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ердаут Ниязов, «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» директорының міндетін уақытша атқарушы Абай Пахынбетов, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті директорының міндетін уақытша атқарушы Жанна Үтесінова, сондай-ақ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төрехан Дауытов қатысты.
Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында айтылған тапсырмалар аясында балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланды. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінде суицидтің алдын алу бойынша бірыңғай әдістеме енгізу, психологиялық қолдау орталықтарының жұмыс сапасын арттыру, сонымен бірге цифрлық трансформация арқылы балалардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын нығайту мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы өңірлік және республикалық деңгейдегі ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.