​ШЫМКЕНТ: Базарқақпа тұрғындарына бос жұмыс орындары таныстырылды

0
80

Жәрмеңкеге 20-ға жуық жұмыс беруші шақырылды. Жұмыс берушілер 100-ге жуық тұрақты бос орын ұсынды. Ұсынылған бос орындардың басым бөлігі Базарқақпа тұрғын алабына жақын маңда орналасқан индустриалды аймақтардан берілді.


​ШЫМКЕНТ: Базарқақпа тұрғындарына бос жұмыс орындары таныстырылды

Шымкент қаласында жұмыссыз тұрғындарды жұмыс берушілермен байланыстыру үшін апта сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді.

Жәрмеңкелер қала орталығынан бөлек, шағынаудандарда өткізуге басымдық беріліп жатыр.
Еңбек мобильділігі орталығының Еңбекші ауданы бойынша мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен кезекті іс-шара Базарқақпа тұрғын алабында өтті.
Жәрмеңкеге 20-ға жуық жұмыс беруші шақырылды. Жұмыс берушілер 100-ге жуық тұрақты бос орын ұсынды. Ұсынылған бос орындардың басым бөлігі Базарқақпа тұрғын алабына жақын маңда орналасқан индустриалды аймақтардан берілді.
Жұмыс берушілер ұсынған орындардың айлық жалақысы 120-370 мың теңге аралығында болды. Кейбір мекемелерде жеткізу қызметі мен түскі ас қарастырылған.
Мұнан бөлек, Еңбекші ауданы мансап орталығының қызметкерлері тұрғындарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы, Enbek.kz порталы және солтүстік өңірге ерікті қоныс аудару бойынша кеңес берді.
Іс-шара аясында қалалық прокуратура қызметкерлері қала тұрғындарына құқықтық кеңестер берді.
Жәрмеңкеге қатысқан Базарқақпа тұрғын алабының 50-ге жуық тұрғыны жұмыс берушілерден кеңес алып, нәтижесінде 10 тұрғын тұрғын тұрақты жұмысқа, 5 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды.
Бөлісу