Жыл соңына дейін 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үй қолданысқа беріледі.
Шымкентте биыл бюджет есебінен 160 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым, 43 әлеуметтік нысандар бар және жыл соңына дейін 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Сәуір айында Тұран шағын ауданында 54 пәтер көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Жыл соңына дейін 18 инфрақұрылым нысанының 12-сі пайдалануға беріледі. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Сонымен қатар осы жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып, ел иігілігіне берілді. Тағы 1 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады.