ШЫМКЕНТ: Биылғы жылдың алғашқы үш айында 84,8 млрд теңге инвестиция тартылды

0
383

Жалпы 2023 жылы 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: Биылғы жылдың алғашқы үш айында 84,8 млрд теңге инвестиция тартылды

2023 жылдың алғашқы үш айында Шымкент қаласына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Талғатұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады.

Жалпы 2023 жылы үшінші мегаполиске 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 миллиард теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында 2021 жылдың қорытындысымен инвестициялық штабтың 16 отырысы өткізіліп, 157 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.

Жалпы қалада 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трилион теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.