ШЫМКЕНТ: ​БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

0
49


ШЫМКЕНТ: ​БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов

№107 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Белгілі спортшы еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында ел азаматтары белсенділік танытуы қажет екенін атап өтті.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Эльмира Тезекбаеваның айтуынша, бұл аумақта жалпы 1611 азамат дауыс беруге тіркелген.

“ Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Құрылтайдың басты маңызы – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуында. Бүгін ел тұрғындары, жастар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Қазіргі уақытта бізге ең керегі - елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтауымыз керек “, – деді Б.Жақыпов.⠀

Айта кетсек, мұндағы сайлау учаскесінде қала тұрғындары таңнан бері белсенділік танытып, өз таңдауын жасап жатыр.