ERNUR.KZ. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық тұрғын алабындағы № 20 ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмыс барысын бақылады.
Аталған спорт мектебі 2003 жылы ашылған. Жалпы ауданы – 2403,82 шаршы метр. Бүгінде 729 бала шұғылдануда. Ауыр атлетика 294, бокс 104, грек-рим 68, қол күрес және кір тасын көтеру 38, еркін күрес 62, дзюдо 28 және пауэрлифтингтен 135 бала жаттығуда. Оларға 53 бапкер спорттың қыр-сырын үйретуде.
Қала әкімі тұрғын алаб аумағында балалардың спортпен айналысуына қолжетімділікті арттырып отырған спорт кешенімен танысып, оң баға берді. Сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту барысын жандандыра түсуді тапсырды. Осы орайда саяжай тұрғыны Александр Юрьевич олимпиадалық стандартқа сәйкес ұзындығы 50 метр, алты жолақты бассейн салу мәселесін көтерді. Қала басшысы бұл мәселені жан-жақты зерделеп, қарастыратынын жеткізді.