Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бар мейірім балаларға» тақырыбында қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шара «Аялы алақан» және «Мейірім» оңалту орталықтарының бүлдіршіндеріне арналған ерекше мерекелік кеш түрінде ұйымдастырылды.
Мұндай игі бастаманың негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.