ШЫМКЕНТ: Былтыр 13 адам қызмет орнында көз жұмған

0
1 316

2019 жылы Шымкентте 3 оқиға тіркеліп, салдарына 1 адам қайтыс болған.


ШЫМКЕНТ: Былтыр 13 адам қызмет орнында көз жұмған

Өткен жылы Шымкент қаласында 13 адам жұмыс орнында қаза тапқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.

2018 жылы Шымкент қаласында 62 жазатайым оқиға орын алған алған. Оның 47 оқиғасы бұрынғы ОҚО-ның мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан анықталса, 15 жағдайды Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекторлары тіркеген. Салдарынан 72 адам зардап шегіп, 13 адам қайтыс болыпты.

Былтыр ең көп орын алған жазатайым оқиғалар үштігін жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, зардап шегушінің өрескел абайсыздығы, технологиялық процесстердің бұзылуы жайыттары құраған.

«Оқиғалардың біреріне тоқталатын болсақ жұмыс берушілер тарапынан арнайы тасымалдау көлік-құралдарының қамтамасыз етпеуінің салдарынан жұмысшылар трактор тіркемесіне мініп бара жатып орын алған. Бұл сәтте жол көлік оқиғасы кезінде 5 санитарлық тазалаушы жұмысшы дене жарақаттарын алған. Ал, 2019 жылы 3 оқиға тіркеліп отыр оның салдарына 1 адам қайтыс болды. Қауіпсіздік талаптарын жеткілікті дәрежеде оқытып үйретпеу және қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақыламау салдарынан кәсіпорын жұмысшысы жұмыс барысында өрескел абайсыздыққа жол беріп көлік ағымына қарсы жүріп жұмыс жүргізудің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жолаушылар тасымалдау көлік құралы қағып кетіп, алған ауыр жарақатын қайтыс болған»- дейді Бауыржан Қалжанов басқарма басшысы.