ШЫМКЕНТ: денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылдануда

0
263

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі құралдарының бірі – ашықтық.


ШЫМКЕНТ: денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылдануда

ERNUR.KZ. Бүгінде Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы» баспасөз конференциясында айтылды.

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі құралдарының бірі – ашықтық. Мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттік орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасында «Ашық бюджеттер» порталында және Басқарманың вэб сайтындағы «Азаматтық бюджет» тармағына салынып өз кезінде нақтылап өзгерту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған.

Сонымен қатар, Шымкентте денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынды.

Бүгінде денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада бір қатар қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.
Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.