39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды.
Шымкентте қалалық № 1 клиникалық ауруханасында дәрігерлер алты трансплантацияны сәтті жасап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ең күрделі ота 18 қазанда жасалды. Қос бүйрегі істен шығып, ауыр дертке шалдыққан 39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды. Донор мен реципиенттің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.
Қазір барлық донорлар мен реципиенттердің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында.