​ШЫМКЕНТ: Екі науқас коронавирустан емделіп шықты

0
620

Мегаполисте бұл індеттен барлығы 32 адам айықты.


​ШЫМКЕНТ: Екі науқас коронавирустан емделіп шықты

Шымкентте екі науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сауығып шыққан азаматша - 1960 жылғы қала тұрғыны. Науқастан дәрігерлер 12 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған болатын. Екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастың жағдайы жақсы, дейді мамандар.

Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша - 1965 жылғы қала тұрғынынан дәрігерлер 7 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған.

Екі науқас та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 31 науқас дертінен айығып шықты.