ШЫМКЕНТ: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов оңалту орталығын ашты

1
1 508

Жоспарлы 70 орынға лайықталған мүгедектерге арналған оңалту орталығының лентасын қиды.


ШЫМКЕНТ: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов оңалту орталығын ашты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкент қаласына іс-сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-сапардың алғашқы қадамын "Шапағат" мүгедектерге арналған оңалту орталығы" КММ-нің ашылу рәсімінен бастады.

Айта кетейік, "Шымкент қаласы әкімдігінің "Шапағат" мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін, ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме. Жоспарлы 70 орынға лайықталған.

Мемлекеттік мекем қызметінің мәні мемлекеттік мекемеде психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге бірінші және екінші топтағы мүгедектерге тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.