ШЫМКЕНТ: Еңбекке қабілетті жұмыссыз тұрғындарды МӘМС жүйесіне қатыстыру үшін жұмыссыз ретінде тіркеу ұсынылды

0
514

Азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу арқылы мемлекет тарапынан сақтандырылуын қамтамасыз етіп, медициналық қызметпен толық қамтуға мүмкіншілік туады.


ШЫМКЕНТ: Еңбекке қабілетті жұмыссыз тұрғындарды МӘМС жүйесіне қатыстыру үшін жұмыссыз ретінде тіркеу ұсынылды

Шымкент қаласында еңбекке қабілетті жұмыссыз тұрғындарды МӘМС жүйесіне қатыстыру үшін жұмыссыз ретінде тіркеу ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдын 10 қарашасында өткен штаб отырысында берілген тапсырмалар бойынша емхана қызметкерлерімен аулаларды аралау жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде МӘМС жүйесіне тіркелмеген 233 784 азаматтың 177 207-не хабарлама берілген. Медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабарлама алған 118 632 азамат МӘМС жарналарын төлеуге келіссе, 58575 азамат МӘМС жарналарын төлеуге дайын, бірақ мүмкіндігі жоқ екендігін айтқан.
Яғни, жоғарыда аталған тұрғындардың МӘМС жүйесінде дер кезінде қажетті медициналық көмекке қол жеткізе алмау қауіпі анық, салдарынан әлеуметтік қорғалмай қалуы мүмкін.
Жарнаны уақытылы төлемейтін жұмысшыларды, азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, бірыңғай жиынтық төлем жүргізген азаматтарды, дербес төлеушілерді, өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды (соңғы 12 айда МӘМС-ға төлемдер түспеген), басқа да азаматтарды міндетті сақтандыру жүйесіне енгізу үшін Шымкент қаласы бойынша кірістер департаментімен және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп жан-жақты өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.
«МӘМС жарналарын төлеуге дайын, бірақ мүмкіндігі жоқ 58 575 азаматты жаппай жұмыссыздар қатарына ресми түрде тіркеуді ұсынғанбыз. Әрине, бұл іс-шара қаламызда жұмыссыздар санының өсуіне алып келіп соғады, алайда осы азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу арқылы мемлекет тарапынан сақтандырылуын қамтамасыз етіп, медициналық қызметпен толық қамтуға мүмкіншілік туады. Сонымен қатар, бұл азаматтарды жұмыссыз ретінде қоғамдық және басқа жұмыстарға тартуға, немесе өзінің ісін ашу мүмкүндіктерін қарастыруға бастама болады», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.