​ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында аулаларда тазалық жұмыстары жүргізілді

0
525


​ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында аулаларда тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза аула» экологиялық акциясы аясында қаладағы көпқабатты үйлердің аулалары ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.



Еңбекші ауданы Әлімбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларында өткен тазалық іс-шарасына еріктілер, аудан әкімдігінің қызметкерлері, тұрғындар және аудандық коммуналдық мекемесінің жұмысшылары қатысты.


Іс-шараға қатысушылар бұталарды кесу, шөптерді ору, ағаштарды әктеу, ойын алаңдарын сырлау жұмыстарын атқарды. Атап айтқанда, 11 шағынаудандағы №201, 203, 205, 207 көпқабатты үйлердің аулалары ретке келтірілді.
Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын ұдайы өткізіп келеді. Олардың жұмыстары 9 секторға бөлінген. Коммуналдық мекеме өкілдері тұрғындардың шағымы негізінде де санитарлық жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ, коммуналдық мекеме жұмысшылары мобильді топтармен бірге кешкі және түнгі уақыттары да тазалық іс-шараларын өткізеді.
Экологиялық акция барысында тұрғындар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.