ШЫМКЕНТ: ерекше балаларды қолдау жолдары талқыланды

0
51

Ербол Байқонысов партия тарапынан ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсетуге бағытталған жобаларға тоқталып, олардың қоғамға бейімделуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.


ШЫМКЕНТ: ерекше балаларды қолдау жолдары талқыланды

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында №18 Шоқан Уалиханов атындағы жалпы орта мектепте «Мейірімділік әлемді құтқарады» тақырыбында кездесу өтті.

Шараға «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагогтер мен ата-аналар қатысты.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, кеңес төрайымы Баян Жандосова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов және өзге де сала мамандары қатысты.
Ербол Байқонысов партия тарапынан ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсетуге бағытталған жобаларға тоқталып, олардың қоғамға бейімделуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– «Ерекше балаларды қолдау – біздің басты міндетіміздің бірі. Партия әрқашан ата-аналар мен ұстаздардың жанынан табылып, өз үлесін қоса береді», – деді ол.
Жиын барысында бірқатар мамандар еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, ата-аналар мен мамандар өз ұсыныстарын білдірді. Олардың ішінде әлеуметтік такси қызметінің жоқтығы, қазақ тілді психологтардың тапшылығы және сала мамандарының жалақысының төмендігі сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Кездесудің басты мақсаты – ерекше балаларды қоғамнан алыстатпай, ортаға бейімдеудің тиімді жолдарын қарастыру болды. Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, бірлескен шешімдер қабылдаудың маңызын атап өтті.
Бөлісу