ШЫМКЕНТ: Ерекше балаларға қолдау көрсетілді

0
340

Іс-шара барысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарға алғыс хаттар табысталып, 350 ерекше балаға сый-сияпаттар берілді. Әрбір балаға жасалған қолдау олардың болашаққа деген үмітін арттырды.


ШЫМКЕНТ: Ерекше балаларға қолдау көрсетілді

ERNUR.KZ. Бүгін- қайырымдылық күні. Жалпы, «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.


Осындай мақсатта Шымкент қаласында «AMANAT» партиясы – ерекше балаларға және олардың отбасыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өмірге деген құштарлығын арттыру, оларды қолдап, қоғамдағы орнын көрсету мақсатында жиын өткізді.

Іс-шара барысында ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарға алғыс хаттар табысталып, 350 ерекше балаға сый-сияпаттар берілді. Әрбір балаға жасалған қолдау олардың болашаққа деген үмітін арттырды.