ШЫМКЕНТ: Ғабит Сыздықбеков сыйбалас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

0
170


ШЫМКЕНТ: Ғабит Сыздықбеков сыйбалас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін Шымкент қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өтті.

Жиын барысында бірнеше маңызды мәселелер талқыланды. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы Е. Жолғасбаев қасақана қылмыс жасағандарды қайта әлеуметтендіру бойынша баяндама жасады. Полиция департаменті басшысының орынбасары А. Бейсенбаев пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қ. Базарбаев ішкі істер органдары мен төтенше жағдайлар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары туралы мәлімет берді.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмас Абаев баяндады, ал кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы ақпарат берді.
Жиын соңында қала әкімі басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді және жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Бөлісу