ШЫМКЕНТ: «Gramad» сауда үйінде 125-мыңнан астам әлеуметтік пакет таратылды

0
1 707

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың балаларына басқарма ұсынған тізім бойынша беріледі.


ШЫМКЕНТ: «Gramad» сауда үйінде 125-мыңнан астам әлеуметтік пакет таратылды

Шымкент қаласындағы «Gramad» сауда орталығы арқылы жыл басынан бері 125-мыңнан астам кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңнамаға сәйкес, азық-түлік түрінде тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі.
Осы орайда Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Gramad Retail» ЖШС сауда үйімен келісімшартқа отырған болатын. «Gramad» сауда кешені құрамында үш супермаркет және бір гипермаркет кіретін дүкендер желісі бар. Сауда орталығы арқылы жыл басынан бері 125-мыңнан астам кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардың балаларына басқарма ұсынған тізім бойынша беріледі. Басты мақсат – тауарларды төмен бағамен сатып алуға және қаламыздың көпбалалы отбасыларына, шағын және орта бизнес үшін де қол жетімді болуына жағдай жасау.
Айта кетерлігі, кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар денсаулық сақтау министрлігінің негізінде қалыптастырылды. Жиынтықтарға әртүрлі жарма, картоп пюресі, сүт және т.б. өнімдер кіреді. Барлық азық-түлік сертификатталған. Аз қамтылған отбасының әрбір баласына арналған гигиеналық құралдар жиынтығы тоқсанына (3 ай) бір рет ұсынылады.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы алу шарасын жеңілдету мақсатында арнайы @aspgramadbot телеграм-бот жұмыс жасайды. Бот арқылы азық-түлік беру пунктерінің мекен-жайларын және күні мен уақытын білуге болады. Ол үшін баланың ЖСН нөмірін енгізу қажет.