ШЫМКЕНТ: "I-Kolik" мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 200 мыңнан асты

0
536

"Диспетчерлік қызмет орталығы" КММ автоматтандырылған бағдарлама арқылы қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады.


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласында онлайн режимде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін "I-Kolik" мобильді қосымшасы кең қолданыста, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңнан асты.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында "Диспетчерлік қызмет орталығы" КММ автоматтандырылған бағдарлама арқылы қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады. Егер де, жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталған жағдайда, жедел түрде тиісті шаралар қолданады.

Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесі енгізілгені белгілі. Аталған жүйе жолаушыларға жол ақысын көлік картамен, SMS, QR- код арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныңдерегінше, қазіргі таңда, сатылған көлік карталарының саны 310 мыңнан асады, ал күнделікті транзакциялар саны 300 мың теңгені құрап отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Схемамен қаралған маршруттық желісіне сәйкес, 77 маршруттың жұмысы ұйымдастырылды. Күнделікті 875 автобус бағытқа шығып, жолаушыларды тасымалдайды. 10 көлік компания жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді.

Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда пайдалану мерзімі 5 жылға дейінгі жаңа автобустар көрсеткші 90 пайызды құрайды. Ал, биыл қала тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, тасымалдаушы мекемелерге ескірген автобустарды жаңалау бойынша талап қойылады. Осыған орай, 2023 жылы тасымалдаушы мекеме есебінен жаңа 20 автобус сатып алу жоспарда бар.