Мұрат Әйтенов халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамту мақсатында атқарылған жұмыстарды тексерді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы №189 орам тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешіледі. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін ақталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 155 шақырым құбыр тартылып үлгерген. Яғни, жұмыстың шамамен 47 пайызы орындалды деген сөз. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған.