ШЫМКЕНТ: қала әкімі Әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады

0
78

Душанбеде өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында біздің спортшымыз қола медальға ие болған еді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі Әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Талғат Орынбасар мен оның жаттықтырушысы Самат Сапишевті қабылдады.

Душанбеде өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында біздің спортшымыз қола медальға ие болған еді. Бұл Талғаттың жастар арасындағы әлемдік деңгейдегі үшінші медалі болып отыр.
Кездесуде қала әкімі жергілікті спортшылардың жетістіктері қаламыздағы спортқа құмар жастар үшін де өте маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, балаларды ерте жастан спортқа қызықтырып, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу қажеттігін айтқан қала басшысы, «біз үшін өскелең ұрпақтың алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге ұмтылуын қамтамасыз ететін сабақтастықты дамыту және сақтау маңызды»-деді.
Қазіргі таңда Шымкентте барлық спорт түрі белсенді түрде дамып келеді. Тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде спортшыларымыз жақсы жетістіктерге жетіп, Шымкенттің спорттық беделін арттыруда.
«Алдағы уақытта өз тарапымыздан спортшыларымызды қолдауды жалғастыра отырып, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасаймыз. Сонымен қатар қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартатын боламыз»,- деген қала әкімі жүлдегер мен оның жаттықтырушысын құттықтап, алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.
Бөлісу