ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар білім ошағының сапасын бақылады

0
636

«Салтанат» балабақшасының мәселесімен танысқан қала әкімі жауаптыларға тез арада зерделеу жұмыстарын жүргізіп, меншік иелегін толық мемлекет балансына алу бойынша тапсырма берді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі бірқатар білім ошағының сапасын бақылады

ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар мемлекеттік білім мекемесіне арнайы барды.

Аралау барысында қала басшысы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген «Оңалту орталығы» мен № 99 «Гүлдер» бөбекжай-бақшасының сапасын тексеріп, № 31 «Салтанат» бөбекжай-бақшасының мәселесімен танысты.


«Оңалту орталығының» іргетасы 1975 жылы қаланған. Жер көлемі – 1,3 гектар. Қазіргі таңда 3-7 жас аралығындағы ерекше оқуды қажет ететін 167 бала білім алуда. Асхана, медпункт, спорт зал мен алаң қамтылған. Аталған ғимаратта өткен жылы күрделі жөндеу жүргізілді.

№ 99 «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы 1985 жылы пайдалануға берілген. Аудан аумағы – 0,83 гектар. Бүгінде 280 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 12 ойын бөлме, 12 жатын бөлме қарастырылған. Ғимарат 2023 жылы күрделі жөндеуден өтті.

№ 31 «Салтанат» бөбекжай-бақшасы 1950 жылы салынған. Ауданы – 617,1 шаршы метр. Балабақшада 123 бала тәлім-тәрбие алып жатыр. Қазіргі уақытта нысан күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Сондай-ақ екі этажды ғимараттың жартысы жеке иеліктің меншігінде.

«Салтанат» балабақшасының мәселесімен танысқан қала әкімі жауаптыларға тез арада зерделеу жұмыстарын жүргізіп, меншік иелегін толық мемлекет балансына алу бойынша тапсырма берді. Осы процестен кейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылатынын жеткізді.