​ШЫМКЕНТ: Қала әкімі бірқатар нысандарда болды

0
525


​ШЫМКЕНТ: Қала әкімі бірқатар нысандарда болды
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Тассай» шағынауданындағы асфальт жамылғысының сапасын тексерді. Тексеру барысында мердігер мекеме мен аудан әкімдігіне анықталған кемшіліктерді жоюды және санитарлық жағдайды реттеуді тапсырды. Сондай-ақ, келесі жылға жергілікті маңызы бар көшелерді жөндеу жұмыстарын жоспарға қосу қажеттігін айтты.

Сонымен бірге, А-2 автомобиль жолын реконструкциядан өткізу барысын да тексеріп, сала басшылары мен мердігерлерге жұмыстың сапасын бақылауды күшейту және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, «Жаңаталап» тұрғын алабындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысып, Жұманов, Өрікті, Мамытбаев және Құрбанов көшелерінің санитарлық жағдайымен де танысты. Жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау міндеті жүктелді.

Сонымен қатар, 8-ші шағынауданды аралап, аула аумақтарының, балалар мен спорт алаңдарының жағдайын бақылады. Бұл жерде де Бейбітшілік, Иляев, Орынбаев, Түркістан көшелері, Республика даңғылы, Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақ, «Көл» және Орталық саябақтың санитарлық жағдайын тексерді.

Аудан әкімдеріне және тиісті басқарма басшыларына аумақты тазалау және қоқыс шығару жұмыстарын жандандыруды, Түркістан көшесіндегі сауда нүктелерінің қасбеттерін біріңғай дизайн кодына сәйкес ретке келтіруді тапсырды.