ШЫМКЕНТ: қала әкімі Қазақстандағы Сербияның елшісімен кездесті

0
89

Кездесуде туризм, жасанды интеллект, ІT секторы бойынша ынтымақтастықты дамыту талқыланды.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі Қазақстандағы Сербияның елшісімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы Сербияның Елшісі Владимир Йовичичпен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Екі жақты кездесу барысында туризм, жасанды интеллект, ІT секторы және басқа да бағыттағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Шымкентте Сербия Республикасының Құрметті консулдығын ашу мүмкіндігін қарастырылды.
Қала әкімі Сербия Елшісін мегаполистің инвестициялық әлеуетімен және мемлекеттік қолдау шараларымен де таныстырды. Кездесу соңында шаһар басшысы Шымкентте инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі серб кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Бөлісу