Әкім жауапты тұлғаларға сауда орындарын заң талаптарына сәйкестендіру, қасбетін бірыңғай дизайн-кодқа сай келтіру және тұрғындарға қолайлы нысандардың жобасын дайындауды тапсырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің кезекті аралау барысында «Тұран» шағынауданындағы Дастан, Шырайлы, Өсиет, Қыран және Байжігітов көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жұмыстарын және «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді.
Тексеру барысында мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты белгіленген мерзімде сапалы және құрылыс нормаларына сай аяқтаудың маңыздылығын айтты.
Әрі қарай әкім Әл-Фараби ауданында №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі көпфункционалды ашық алаңның құрылысын қарап шықты. Бұл жаңа спорт кешені спортшыларға жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, балта және диск лақтыру, ядро серпу сияқты жаттығулармен айналысуға және велоспорт бойынша жаттығулар өткізуге мүмкіндік бермек.
Қала басшысы Жангелдин көшесінің ағымдағы жағдайын, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды және Жангелдин мен Быковский көшелеріндегі жаңа қоғамдық кеңістік салуға арналған аумақта да болды.
Әкім жауапты тұлғаларға сауда орындарын заң талаптарына сәйкестендіру, қасбетін бірыңғай дизайн-кодқа сай келтіру және тұрғындарға қолайлы нысандардың жобасын дайындау міндетін қойды.