ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

0
588

Жеке қабылдауда 300-ден аса азаматтың мәселесі қаралды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті жеке қабылдауында 40-тан аса азаматтың түрлі салаға қатысты өтініштерін қарастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондай -ақ прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.
Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.