Мамандардың айтуынша, зиянкестердің көбеюінің алдын алуда тұрғындардың да жауапкершілігі маңызды.
Шымкент қаласында маса мен шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес өңдеу шаралары саябақтарда, гүлзарларда, өзендер мен каналдардың жағалауларында, сондай-ақ тұрғындардың демалыс орындарында тұрақты түрде атқарылып келеді.
Осыған байланысты жауапты мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, залалсыздандыру жүргізілген аумақтарда балалардың ойнауына жол бермеу және өңделген жерлермен тұрмыстық заттардың жанаспауын қадағалау қажет.
Мамандардың айтуынша, зиянкестердің көбеюінің алдын алуда тұрғындардың да жауапкершілігі маңызды. Ол үшін аулаларды таза ұстап, су жиналатын орындардың пайда болуына жол бермеу қажет.
Сонымен қатар жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар аумағында жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстары өтінім берушілердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындардың жайлы демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


