ШЫМКЕНТ: қала экологиясын жақсартуда нақты жобалар жүзеге асырылуда

0
47

​ Ирригациялық жүйелер арқылы 13 орталық көшенің бойына 85 шақырым жүйемен су берілді.


ШЫМКЕНТ: қала экологиясын жақсартуда нақты жобалар жүзеге асырылуда

Шымкент қаласында тәулігіне 1000 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Осы мәселені шешу үшін қалдықты жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт салу жөнінде «Shaanxi Construction Engineering» компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойылды.

Жоба 2026–2028 жылдары жүзеге асады және 70 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 365 мың тонна тұрмыстық қалдық өңделіп, 24 МВт/сағ электр энергиясын өндіріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, экологияны жақсарту бағытында бірқатар жоба қолға алынған. Атап айтқанда 2025 жылы бұрынғы қоқыс полигоны аумағында экосаябақтың құрылысы басталды. Демеушілер есебінен іске асырылап жатқан саябақта жасанды су қоймасы, спорт алаңдары және жаяу жүргіншілер жолдары болады.
Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру кезең-кезеңімен жүргізілуде. Былтыр 3,5 шақырым аумақ абаттандырылса, қазіргі таңда 4,6 км аумақта тиісті жұмыс жүргізілуде.
Ирригациялық жүйелер арқылы 13 орталық көшенің бойына 85 шақырым жүйемен су берілді. Былтыр қалада 45 жаңа сквер салынып, жалпы саны 90-ға жетті. 27 көшеде 500 мың шаршы метр көгал егіліп, қала аумағында 152 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Бөлісу