ШЫМКЕНТ: қала инфрақұрылымын дамытуға арналған ауқымды жобалар іске асуда

0
156

Шымкент қаласы – еліміздегі ірі урбанизациялық орталықтардың бірі.


ШЫМКЕНТ: қала инфрақұрылымын дамытуға арналған ауқымды жобалар іске асуда

Шымкентте халық санының өсуімен бірге жол инфрақұрылымын жаңарту мәселесі өзекті болып отыр. Себебі кең, тегіс әрі сапалы жолдар – экономиканың дамуымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Жолдардың қазіргі жағдайы: 2024 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-ға жетсе, биыл бұл көрсеткішті 79%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар 2024 жылы қаламызда 40,8 шақырымды құрайтын 15 нысанда құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, 88 шақырымды құрайтын 55 көшеде орташа жөндеу жұмыстары өтеді және 79,3 шақырымдық 181 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында жол-көлік қозғалысына елеулі әсер ететін бірнеше ауқымды жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ:
- Қонаев даңғылының 2-ші және 5-ші кезеңдерінің жалғасы;
- А-2 айналма жолының 7-ші кезеңі;
- Жандосов көшесінің жалғасы;
- Асар мен Шымкент сити шағын аудандарын қосатын жол құрылысы.
Аталған жобалар көлік кептелісін азайту және қаланың негізгі көшелеріне түсетін жүктемені жеңілдетуге үлкен септігін тигізеді.
Шымкенттің солтүстік бөлігін орталықпен байланыстыру – басты міндеттердің бірі. Осы бағыттада бірқатар өзгерістер орын алды.
Өзгерістер:
- Өтегенов көшесінің жалғасы іске қосылды, бұл зообақ пен дендросаябақ маңындағы кептелісті азайтады;
- Алтынсарин көшесі кеңейтіліп, Тұран шағын ауданымен байланыстырылады;
- Қазиев көшесі Төлеметов көшесіне дейін ұзартылып, Бәйдібек би даңғылына түсетін жүктемені жеңілдетеді;
- Сіргелі көшесін Төлеметовтен Тұран шағын ауданына дейін ұзарту жоспарлануда.
Көше жарықшамдарын орнату: 2024 жылы 1238 көшеге көше жарықшамдарын орнату жұмыстары атқарылып іске қосылды. Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша қала көшелері 51,7% жарық шамдарымен қамтылған. 2025 жылы 100% көше жарық шамдармен қамту жоспарлануда.
Шұңқырларды жамау: 2024 жылы қала көшелерінде шұңқырларды жамау жалпы 420 000 м2 атқарылды. 2025 жылы 400 000 м2 шұңқырларды жамау жұмыстарын атқару жоспарлануда.
Ирригациялық арық орнату: 2024 жылы қала көшелерінің бойында су басу қауіпі бар немесе су жиналатын 103 орынға 54,3 шқ ирригациялық арық жүйесі орнатылды. Су басу қауіпінің алдын алу мақсатында 2025 жылы 50 орынға 23 шқ ирригациялық арық орнату жұмыстары жоспарланып, бүгінгі таңда бастау алды.
Қоғамдық көлік саласы
Бүгінгі таңда 80 тұрақты маршруттарда күнделікті 949 автобус жолаушыларды тасымалдауда, оның ішінде 79 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршрут деп айқындалған.
Аталған маршруттарға 11 көлік компаниясы қызмет көрсетуде.
Жалпы көліктердің саны 1120 бірлікті құрайды, оның ішінде 44 автобус 3 жылға дейін, 1060 автобус 5 жылға дейін және 7 жылдан асқан 16 автобус.
Маршруттарда қызмет көрсететін автобустардың 100% GPS треккерлермен жабдықталған.
Қолданыстағы 615 автобус отын ретінде сығымдалған газ-метанды, 505 автобус дизель отынын пайдаланады.
Бөлісу