ШЫМКЕНТ: қала тұрғындарына газ қауіпсіздігі талаптары түсіндірілуде

0
68

Тұрғындардың газ құрылғыларының (жүйелерінің) нормативтік талаптарға сәйкестігі зерделеніп, жадынамалар табысталды.


ШЫМКЕНТ: қала тұрғындарына газ қауіпсіздігі талаптары түсіндірілуде

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Газ техникалық қызметі» мекемесі иіс газынан улануға байланысты келеңсіз жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізуде.

Жауапты мамандар Теріскей және Сайрам шағынаудандарындағы үйлерді аралап, газдан уланудан сақтандыру ережелерін түсіндірді.

Іс-шара барысында тұрғындардың газ құрылғыларының (жүйелерінің) нормативтік талаптарға сәйкестігі зерделеніп, жадынамалар табысталды.
Сонымен қатар, газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді. Заңнамаға сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Осыған орай қала тұрғындарын тиісті талаптарды сақтауға шақырамыз және газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсетуге аттестатталған мекемеге тексертіп, келісім-шартқа тұруға шақырады.
Ал үй-жайдан газ иісі сезілген жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет. Сонымен қатар, 8 (7252) 53-02-42, 8701 333 40 15, 8771 165 08 49 анықтама нөмірлері де қызмет көрсетеді.
Бөлісу