ШЫМКЕНТ: қаладағы мәдение белсенділік шаралары артуда

0
77


ШЫМКЕНТ: қаладағы мәдение белсенділік шаралары артуда

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады. Есепті кезеңде қаладағы мәдени өмірдің белсенділігі артып, тұрғындар мен қонақтарға ұсынылатын мәдени қызметтердің ауқымы кеңейе түсті.

Қазіргі таңда басқармаға қарасты 22 мәдениет ұйымы қала тұрғындары мен қонақтарына тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді. Театрлар, мәдениет үйлері, концерттік ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар мегаполистің мәдени кеңістігін байытып, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыруға үлес қосуда.
Есепті кезең ішінде қала аумағында 2 500-ден астам мәдени-көпшілік және ресми іс-шара ұйымдастырылып, олардың аясында 1 миллион 900 мыңнан астам көрермен қамтылды. Бұл көрсеткіштер қала тұрғындарының мәдени шараларға деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартады.
Сонымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан «Шымқала кештері» жобасы ерекше сұранысқа ие болды. Жоба аясында демалыс күндері қала саябақтары мен ашық алаңдарда тұрақты концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Нәтижесінде бұл бастама тұрақты форматқа көшіп, тұрғындар арасында кең қолдауға ие болып, қаланың өзіндік мәдени брендіне айналды.
Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстар Шымкент қаласының мәдени әлеуетін арттырып, қала тұрғындарының мәдени өмірге белсенді қатысуына жол ашты.
Бөлісу