ОЛ бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым» мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған.
Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 40 сессиясында халық қалаулысы Ғани Әбдiғаниұлы Ташқараев фракция мүшелерінің дауыс беруімен қалалық мәслихаттың хатшы болып сайланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ташқараев Ғани Әбдiғаниұлы 1968 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келді.
1985-1991 жылдары ҚазХТИ-да оқып «Инженер-құрылысшы» мамандығын алды. 1986 мен 1988 жылдары Әскери қызметтін атқарды. 1994 жылдың қаңтарында РМИПК оқыды.
1995 жылдың тамызында бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге мамандарды даярлау бойынша брокерлік және дилерлік қызмет үшін бірінші санаттағы біліктілік куәлігін алды.
1997 жылдан 2000 жылға дейін Қазақ мемлекеттік заң академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер біліктілігін алды.
2003 жылдан 2005 жылға дейін Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Халықаралық бизнес жоғары мектебінде «Іскерлік әкімшілік магистрі» МВА бағдарламасы бойынша оқыды.
2004 жылы 04 ақпан мен 11 ақпан аралығында Management Akademie Munchen International GmbH Адам ресурстарын дамыту институдында оқу бағдарлама курстарын өтті.
2005 жылдан 2008 жылға дейін Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Халықаралық бизнес жоғары мектебінде DBA бағдарламасы бойынша оқыды. Іскерлік басқару докторы.
2006 жылы 25 маусым мен 2 шілде аралығында Швецарияның Цюрих қаласындағы SBS Swiss Business School бизнес мектебінде DBA ғылыми-зерттеу семинр курстарын өтті.
2008 жылы суірдің 15 мен 21 аралығында Германиядағы Бад-Эмс қаласында өткен «Еуропалық бизнес-мәдениет пен коучинг» атты семинарға қатысты.
Еңбек жолын 1988 жылы «Тәуба» Шағын Кәсіпкерлігінде коммерциялық директор ретінде бастаған.
1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Оңтүстік» АПСК мұнай өнімдерінің 1-санатының инженері болып жұмыс істеді.
1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС Басқарма Төрағасы қызметін атқарады.
2007 жылы IV шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2012 жылы Шымкент қалалық мәслихатының V шақырылымының депутаты болып сайланды.
2016 жылы VI шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым» мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болған. Үйленген, 4 балалы.