ШЫМКЕНТ: қаланың бас дәрігері сайрамдағы емхана бөлімшелерін аралады

0
123


ШЫМКЕНТ: қаланың бас дәрігері сайрамдағы емхана бөлімшелерін аралады

Жұмыс сапары барысында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков “Сайрам” тұрғын алабындағы N12 емханаға қарасты бөлімшелерді аралап, жергілікті халыққа қол жетімді медициналық қызмет көрсету барысын бақылады.

Шымкенттен шалғай жатқан №12 қалалық емханасына 65561 халық тіркелген.
Басқарма басшысы алдымен емханаға қарасты “Исфиджаб” бөлімшесінде болды. Мұндағы жергілікті тұрғындар дәрігерлік амбулаторияның алыс екенін айтып, қала әкіміне шағымданған болатын. Емхананы аралау барысында бетперделік режим сақтау қажеттілігі ескертіліп, жергілікті тұрғындарға медициналық қызметті қол жетімді ету үшін бейінді мамандардың қабылдау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Сондай-ақ басқарма басшысы N12 емханаға қарасты “Сайрам”, “Қаратөбе” және “Турдыабад” бөлімшелерін аралап шықты. Медициналық мекемелерде санитарлық талартар мен дәрілік заттарды сақтауда кемшіліктер, вентиляция жүйесінің жоқтығы, қоқыстан тазарту, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмауы сынды жүйелі кемшіліктер анықталып, ескертулер берілді.
Бөлісу