ШЫМКЕНТ: Қаланың бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті

0
1 176

Департамент №4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін бекіткен.


ШЫМКЕНТ: Қаланың бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов қаламызда Кенесары Қасымұлын еске алуға арналған бокстан 2006-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық турнирге барып, департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл басынан департамент №4 балалар үйін қамқорлығына алумен қатар, балаларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы өздері дамып, алдарына мақсат қойып соларды орындауға бейім болса, яғни өмірде өз-өздерін қорғай алу мақсатымен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін бекіткен. Жасақ қызметкерлері аптасына екі рет барып, түрлі спорт түрлерінен жаттықтыруда.

Соның нәтижесінде бүгінгі күні №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Байымбетов Руслан - 28, Асланбек Оразхан- 46, Асланбек Нұрмаханбет - 48, Күлкібаев Мұхаммед - 52, Нұржанұлы Елхан-52 келі салмақ дәрежесінде аталған додада бақ сынасып, жеңіске жетті.

Алдағы уақытта да спортшы балаларымыз олимпиада чемпиондары болатындарына сенім білдіреміз.