Шымкент қаласы 10 бағыт бойынша дамитын болады

0
1 704

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет отырысында баяндады.


Шымкент қаласы 10 бағыт бойынша дамитын болады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет отырысында Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі дамуының және құрылысының кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайы ERNUR.KZ.

Кешенді жоспарды іске асыруға 1 трлн 284 млрд теңге қажет болса, оның 836 млрд теңгесі немесе 65 пайызы жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады.

"Кешенді жоспарды әзірлеу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жүргізіліп, негізігі даму бағыттары қарастырылды. Кешенді жоспар қолданыстағы Заңнамаға сәйкес тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісіліп Республикалық бюджеттік комиссия отрысында қолдау тапты. Жоспар 10 бағыттан 89 жобадан тұрады", - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

1-БАҒЫТ: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту. Бұл салада 30 жоба жүзеге асады. Қала тұрғындарын Жылу, электр, газбен қамтамасыз ету үшін "АГРЭС-3" және 6 электр подстанциясының құрылыстары жүргізіледі.

2-БАҒЫТ: Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 11 жоба іске асатын болады.

3-БАҒЫТ: Тұрғынүй құрылысын дамыту. Бас жоспарға сәйкес Әкімшілік іскерлік орталығы, Тұран, Шымкент сити, Қошқар ата жағалауында инженерлік жүйелер тартылуда. 2023 жылға дейін 20594 пәтерлі 319 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады.

4-БАҒЫТ: Білім беру жүйесін дамыту. 23500 орынды 15 мектеп соғылатын болады және жекеменшік мектептер саны артатын болады.

5-БАҒЫТ: Спорт саласында 3 жоба жүзеге асырылатын болады. Ол спортпен айналысушылардың саны 30 пайызға артады. Қажымұқан Орталық стадионы қайта құрудан өтеді. Нәтижесінде стадион 4 категориялы УЕФА талаптарына сәйкес болады.

6-БАҒЫТ: Мәдениет саласын дамыту. 2100 орынды Конгресс орталығын салу және Ескі қалашық цитадельді қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылады.

7-БАҒЫТ: Денсаулық сақтау саласын дамыту. Жеке инвестор есебінен 1000 орынды көпсалалы заманауи аурухана салынатын болады. Жергілікті бюджет есебінен 13 алғашқы медициналық көмек көрсету орталығын салынатын болады.

8-БАҒЫТ: Абаттандыру саласын дамыту бойынша 4 жоба жүзеге асырылатын болады. Ірі жобалардың Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылады.

9-БАҒЫТ: Қоғамдық қауіпсіздік саласын дамыту. Полицияның бірыңғай басқару орталығы салынатын болады. Қылмыстың алдын алуға және жедел шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

10-БАҒЫТ: Индустриалдық аймақтарды дамыту. Жаңадан "Жұлдыз", "Шымкент агро" индурстриалды аймақтар ашылады. Оларға 24 млрд. теңге инвестиция тартылып, 3500 бос жұмыс орындар ашылатын болады.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өңірлік өнім 3,5 триллиион теңгеге жетіп, 175 пайызға өседі. Өнеркәсіп өнімі көлемі екі есеге өседі 60 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатын болады. Бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамту көрсеткіші 24 шаршы метрден 27 шаршы метрге жетеді.